1-ҚАДАМ. Доменді таңдаңыз. Домен атауын басу арқылы доменді таңдау.
Бір домені бар аккаунттар үшін - бірден екінші қадамға өтеміз.
2-ҚАДАМ. SSL Сертификаттары түймесін басыңыз.
3-ҚАДАМ. SSL белсендіру бетіне өту үшін басыңыз. Егер бұрыннан қосылған болса, 7-қадамға өтіңіз.
4-ҚАДАМ. Secure SSL құсбелгісін қойып, Сақтау түймесін басыңыз.
5-ҚАДАМ. private_html сілтемесін пайдалану... белгілеп, Сақтау түймесін басыңыз.
6-ҚАДАМ. 1 және 2-қадамдардағы әрекеттерді орындаңыз.
7-ҚАДАМ. Жаңа сертификат жасау, әрі қарай Тегін сертификат... таңдаңыз, өз e-mail көрсетіңіз.
Бетті төмен қарай айналдырып, Сақтау түймесін басыңыз.
Домен өрісін, кілт өлшемін, сертификат түрін өзгертпейміз.
8-ҚАДАМ. Сертификаттың сәтті орнатылғаны туралы хабарландыру көрсетіледі.
1-2 минут күтіңіз, содан кейін сайтты https://домен сілтемесі бойынша ашуға болады