Сайт файлдарын сақтай отырып хостингте доменді ауыстыру жөніндегі нұсқаулық.
Ескерту: Жаңа доменді тіркеу қажет, әйтпесе ол жұмыс істемейді.
1-ҚАДАМ. Домендерді басқаруға өтіңіз. Доменді таңдау сілтемесін басыңыз (басты бетке өту үшін),
сосын Домендерді әкімшілендіру.
Бір домені бар аккаунттар үшін - Домендерді басқару блогындағы Домендерді басқару түймесін басыңыз.
2-ҚАДАМ. Домен атауын өзгерт түймесін басыңыз.
3-ҚАДАМ. Тізімнен ауыстырғымыз келетін доменді таңдаңыз. Жаңа доменді көрсетіңіз. Өзгерту түймесін басыңыз.
Нәтиже. Файлдары бар директорияның атауы енді /domains/жаңа_домен/public_html/
Егер ескі доменде субдомендер болса - олардың барлығы жаңа доменде сақталады.
Маңызды ақпарат:
- Жаңа домен тіркелуі және хостингтің NS серверлеріне делегатталуы тиіс.
- Кейбір CMS жүйелері доменді өз баптауларында сақтайды, сондықтан әзірлеушінің нұсқаулығы бойынша CMS-ті қайта баптау қажет.
- Егер сайтта SSL сертификаты болған болса, жаңа доменге SSL сертификатын қайта шығару қажет.
- Егер ондай файл бар болса және онда ескі домен жазылған болса, /domains/жаңа_домен/public_html/.htaccess файландағы доменді ауыстырыңыз.